Жаңалықтар

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде шыққан өрттің себебі анықталды

Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қайтыс болды
Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде шыққан өрттің себебі анықталды
Фото: aikyn.kz 04.10.2022 11:37 2238

Бас прокуратура 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қайтыс болды. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері еді. Жарылыстан көршілес  орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды.

Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 килограмм оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған.

Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған.

Сарапшылар жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы болды, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты деген қорытындыға келді.

Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға