Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
29.07.2022 14:40
1447
Мұрат Сандыбаев Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Мұрат Миртайұлы Сандыбаев Ұзынкөл ауданының әкімі қызметінен босатылып, ағымдағы жылдың 28 шілдеден бастап Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды», - деп хабарлады Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Мұрат Сандыбаев - Ұзынкөл ауданының тумасы. Әр жылдары Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ұзынкөл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек?
Келесі жаңалық
Алматыда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы сахналанды