Қостанай облысының қарияларын Достық Үйі концерттік бағдарламамен құттықтады

04.10.2018 12:43
2453
Қостанай облысының Достық Үйі концерттік бағдарлама ұйымдастырып, облыстың қарияларын құттықтады.
Мекеменің шығармашылық ұжымы – «ҚХА» ансамблі және этномәдени қауымдастықтардың әртістері Федоров және Қарабалық ауылдарындағы қарт адамдарға арналған үй-интернатындағы қарияларға әсерлі әндері мен әсем билерін тарту етті.
Федоров ауылындағы қариялар үй-интернатының сахнасында әр түрлі тілдерде ән айтылып, көрермендер әртістердің өнеріне тәнті болды.
Дәл осы бағдарламен Достық Үйінің өнер сүйер қауымы Қарабалық ауылындағы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үй-интернатында болып, концерттік бағдарлама ата-әжелерге ұннағаны соншалық, әртістермен бірге қосылып, сүйікті әндерін шырқап, би биледі.
Бөлісу:
