Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі табылды
7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кеткен болатын
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz
10.08.2022 18:59
1019
Бала өлімі туралы ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz
Еске салсақ, 7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кеткен болатын. Таңғы бестер шамасында қыз Жамбыл ауылындағы үйден шығып кеткен.«Қыз суға батып кетті. Толық ақпарат кейінірек береміз», деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қыздың анасы полицияға баланы 18 және 13 жастағы үлкен әпкелері қарайтынын айтқан. Таңертең оянса, олар үйден сіңлісін таппай қалған. Кейін қыз баланың терезеден шығып кеткені анықталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешеніндегі туризмді дамытуды ұсынды
Келесі жаңалық
Жұмыс беруші қызметкерлерін жылдам некеге тұруға мәжбүрлеген