Қостанай облысындағы өртті сөндіруге 250 теміржолшы көмектесуде
Орман өрттері пойыздардың жүру кестесіне әсер етті.
Фото: pexels
Фото: pexels
04.09.2022 02:21
921
Оқиға орнында өрт сөндірушілерді сумен қамтамасыз ететін және инфрақұрылым нысандарын қорғайтын бес өрт сөндіру пойызы жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Орман өрті салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Алайда инфрақұрылым объектілерінің зақымданғаны анықталды.
"Орман өрттері пойыздардың жүру кестесіне әсер етті. Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде сағат 01:00-дегі жағдай бойынша 11 жүк және 6 жолаушы пойызы уақытынан кешіктірілді", - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Архимед Мұхамбетов өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Келесі жаңалық
Елордада алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды