Жаңалықтар

Қостанай облысындағы орман өртінен ауыл-аймаққа қауіп жоқ

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Қостанай облысындағы орман өртінен ауыл-аймаққа қауіп жоқ
Фото: gov.kz 06.09.2022 11:35 1159

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысындағы дала өртіне қатысты бүгінгі 08.00-дегі соңғы ақпаратты мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) күзет ұйымдастырылды. Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалы күшейді. Сағат 7:30 бастап өрт аумағын әуеден бақылап жатыр» делінген ТЖМ мәліметінде.

Өрттен барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85 - Аманқарағай ауылында және 6 - Озерный ауылында. Өрт сөндіруге 224 техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 2193 адам жұмылдырылды. 11 адам жарақат алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты. 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы - 107 257 га. ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді, ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды. ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түскен. Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. 57 адамға консультативтік көмек көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға