Жаңалықтар

Қостанай облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі полициямен бірлесіп «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізді

Қостанай облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі полициямен бірлесіп  «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізді
18.06.2019 15:41 4653

«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы аясында Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелеріне 100-ден астам өтініш түсті. 14-15 маусым аралығында Қостанай облысында полиция, әкімдік, медициналық мекемелердің өкілдері халықпен кездесті.

«Жолдағы қабылдау» іс-шарасының негізгі мақсаты - халықты толғандыратын мәселелердің шешімін табу. Облыстық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері алғаш рет осы акцияға қатысып, облыс тұрғындарына қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді. 

 T9Cy1_ZdeGA.jpg

«Жолдағы қабылдау» акциясы Қостанай облысының полиция департаменті мен Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының 2019-2020 жылдарға арналған этносаралық қатынастар саласындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары аясында  өткізілді, бұл іс-шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері қатысты. Сондай-ақ, азаматтардың әлеуметтік жағдайы анықталып, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер айқындалды. Көптеген азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды», - дейді «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Айжан Бекманова.

Әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық т.б. жағдайларға қатысты сұрақтар көп қойылды. Сонымен қатар, тұрғындарды  жолдардың жағдайы, жұмысқа орналасу, құжаттарды заңды тұрғыдан дұрыс рәсімдеу сынды мәселелер алаңдатады. Жұмыс тобының мүшелері әрбір сұраққа толыққанды жауап беруге тырысты, кейбір тұрғындар құзыретті мамандарға жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға