Жаңалықтар

Қостанай облыстық ҚХА 2019 жылы қоғамдық және қайырымдылық іс-шаралардың санын арттырмақ

Қостанай облыстық ҚХА 2019 жылы қоғамдық және қайырымдылық іс-шаралардың санын арттырмақ
01.02.2019 04:48 2276

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында еріктілер қозғалысын дамытудың қажеттілігі туралы сөз болды.

Жастар жылы деп жарияланған 2019 жыл көптеген маңызды жобаларға, акциялар, әлеуметтік бағдарламалар мен тың бастамаларға толы болмақ.  Достық үйінде өткізілген дөңгелек үстел барысында халықты қоғамдық және қайырымдылық іс-шараларға жұмылдыру мәселесі қарастырылды.

Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян жоғары және орта оқу орындарымен жасалатын жұмыс жоспарымен таныстарды, бұл арқылы адамдар ертеңгі күні білімді де білікті жастардың көмегіне жүгініп, олардың тарапынан психологиялық және материалдық  қолдау  табуы мүмкін.

«Біз өткен жылы «Қайырымды істер күні» акциясын бастаған болатынбыз.  Оған қолдау танытқан  адамдар көп болды.  Үш күннің ішінде тұрмыс жағдайы төмен жанұядан шыққан 126 бала қазақ драма театры әртістерінің қойылымын тамашалады, аквапаркте демалып, мұз сарайында конькимен сырғанап, ойын-сауық орталығында көңіл көтерді. Біз тұрғындардың қоғам өміріне  немқұрайлы қарамайтынын байқадық, оларға тек  жақсы идея ұсыну керек, ал олар оған қолдау көрсетуге әркез дайын», – дейді Ш. Вагановна.

Қайырымдылық жобасына әр түрлі сала қызметкерлері қатысты. Мәселен, қалалық және аудандық наубайханалар «Мейірімді қолдан шыққан ыстық нан» акциясына атсалысты. Ш. Саркисян дәл осындай шараның Науырзым ауданында өткендігін жеткізді, жаны жомарт кәсіпкер ауылдағы мұқтаж жандарға ыстық күлшелерді өзі таратқан.

Бұл  бастама  жергілікті наубайханалардың ұжымы тарапынан қолдауға ие болды, жуырда арнайы мекемелерде тегін нан да пайда болады.

Қостанай автокөлік  колледжінің студенттеріне «Өзгеге мейірім сыйла» атты жобаны жүзеге асыру ұсынылды. 

«Балалар ескі велосипедтерді, конькилерді, басқа да спорттық жабдықтарды жинап, жөндеп, оларды тұрмысы төмен жанұялардан шыққан балаларға сыйға тарта алады. Мейірімділік осыдан басталмай ма? Жомарттық – адамның қолына ақша ұстату емес. Мәселе ақшада емес, ізгі ниетте», – дейді Ш.Вагановна.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Харьяков «Дарение варенья» акциясына оң баға берді. 

«Жалғызбасты қарияға бір тостаған тосап апарып, бірге отырып шай ішіп, әңгіме-дүкен құру – табылған ақыл. Оларға қарым-қатынас ауадай қажет», - дейді Ю. Харьяков.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина аға буынның өмір сүру сапасын жақсарту маңыздылығына тоқталды.
«Биыл «Нұр Отан» партиясымен бірлестікте Достық үйінде «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылмақ. Бұл жобаны толыққанды іске асыру үшін орталық құруға лайықты орын іздестірілуде. Орталықта қарт адамдарға арналған емдік гимнастика кабинеттері, әр түрлі  үйірмелер жұмыс істейтін болады, тіпті заңгерлер мен психологтар өз кеңестерін беруге дайын.  Бұл жоба өте маңызды, қарттары бар ел – бақытты ел. Олар біздің  қазынамыз, бағыт-бағдар беретін даналықтың сарқылмас бұлағы», - дейді Б. Аққожина.

Отырыста Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің және Қостанай медициналық колледжінің өкілдері еріктілікті дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға