Жаңалықтар

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары
27.08.2019 19:02 3029

Келесі жылы Қазақстан халқының Ассамблеясы 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл – Ассамблея қызметінің қорытындысын шығарып, келешекте даму басымдығын белгілеу үшін себеп болып отыр. 

Сондықтан осы мәселенің басын ашу үшін біз қонаққа Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы Медиация және халықтық дипломатия мектебінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ольга Евдокимованы шақырдық.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

- Ольга Николаевна, Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары қалайша іске асырылуда?

- Біздің мемлекетіміздің қалыптасуының алғашқы сатыларында, шетелдік саясатшылар «Қазақстанда жанжал көбейеді» деп болжаған кездері, дүние жүзіндегі мазасыз геосаяси жағдай қазақстандықтардың көңіл-күйіне қалай да бір теріс әсер еткен кездері бүкіл біздің диаспоралар (ал қазір – этномәдени бірлестіктер) медиаторлар рөлін атқара бастады. Сыртқы жанжалдар ішкі шиеленіске айналмауы үшін үлес қосқан, әрине, осы диаспоралар және ең алдымен Елбасымыз, еліміздің ең басты медиаторы Нұрсұлтан Назарбаев. Дәл Елбасының бастамасымен 25 жылға жуық бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды.  

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Қазір бәрімізге белгілі, біздің өз мемлекетіміз, өз аумағымыз және барша қазақстандықтар бағынуға тиіс заңдарымыз бар. Дәл осыған біз жастарды үйретуге міндеттіміз: олар жаңа бағытқа бастайтын қозғаушы күшке айналып, азаматтық қоғам, бәсекелестікке қабілетті мемлекет құруы тиіс. Бұл ретте ұлттық салт-дәстүрлерді, ресімдерді және мәдениетті сақтау – ең басты алғышарт болып табылады. Сондықтан болар Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөздерінде біздің еліміздің негізгі тірегі, болашаққа бастайтын рухани инвестицияларымыз – жастарға ерекше назар аударады. 2019 жылдың Жастар жылы ретінде жариялануы соның айғағы болып табылады. Бұл ретте жас қазақстандықтардың өмірінде сапалы әрі елеулі өзгерістер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Баршаңызға аян, 2015 жылғы тамыздан бастап қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыты – медиация институтын дамыту болды. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім формуласы: жаңғыру және бірлік» тақырыбындағы XXVII сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаев өзінің салтананатты сөзінде: «...әлеуметтік бірлікті нығайту үшін медиация институтын толыққанды пайдалану қажет. Ассамблея бастауымен 800-ден астам қоғамдық медиатор қызмет етуде. Солардың белсенді қатысуының арқасында былтырдың өзінде 20 мыңға жуық медиациялық келісімдер жасалды», - деп атап өтті.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Осы цифр ішінде Қостанай облысының Медиация кеңесі жұмысының нәтижесі де бар. Осы Медиация кеңесі облыстық әкімдік жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шеңберінде халықпен консультациялық жұмыс және отандық медиация институтын көпшілікке тарату бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізеді. Бұдан басқа, өңірде соттар, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар жанынан 28 медиация кабинеті жұмыс істейді. Олар 2019 жылдың басынан бастап азаматтық, әлеуметтік-еңбек және тұрмыстық мәселелер бойынша 264 дау және жанжалды шешкен, сонымен қатар медиация мәселелері бойынша 120 іс-шара өткізген, оларға 1000-нан астам адам қатысқан.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Тізілімге сәйкес облыста 46 кәсіби емес медиатор тіркелген. Қостанай мен Қостанай облысындағы кәсіби қоғамдық медиаторлар арасынан ең белсенділерін атап өткім келеді: Сергей Богатырев, Айша Әбдікова, Александр Хорьков, Жұматай Искаков, Геннадий Вавулин, Игорь Зуев, Светлана Бочкарева және Руслан Наурызбаев. Олар жұмыс барысында ондаған консультациялар сәтті өткізген. Соның нәтижесінде медиациялық келісімдерге қол қойылып, тараптарды татуластыру туралы шешімдер қабылданған.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

- Өзіңізге белгілі, облыста Қазақстан халқының Ассамблеясы желісі бойынша көптеген іс-шаралар өткізіледі. Соның ішіндегі соңғы ең қызықты іс-шаралар туралы біздің оқырмандарымызға баяндап беруіңізді сұраймын.

- Тұрғындарды медиация мәселелері бойынша хабардар ету мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында Қостанайдың қызмет көрсету саласы колледжінде «Медиация – жанжалды баламалы реттеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Соның шеңберінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесі студенттермен және оқытушылармен студенттік ортада медиация институтын дамыту мәселелерін талқылады. Отырыстың теориялық бөлімінде «медиация» ұғымы, жанжалды шешудің басқа әдістерімен салыстырғанда оның басымдықтары таныстырылды, оған жастардың назарын аудару тәсілдеріне, жұмыс технологияларына шолу жасалды. Ал кездесудің практикалық бөлімі тренинг нысанында өткізілді, оның барысында студенттер кіші топтарға бөлініп, алуан түрлі ситуациялық міндеттерді қарастырды. Осы бөлімнің қызықты болғаны соншалық, тіпті жұмысқа оқытушылар да қосылды. Бұл әртүрлі жастағы топтардың осы міндеттерді шешу нұсқаларын салыстыруға мүмкіндік берілді. Тұтастай алғанда, осы іс-шара өте қызықты әрі нәтижелі өтті, барлық қатысушылар оң әсер алды.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Еліміздің басқа облыстарындағы Медиация кеңестерімен ынтымақтастық аясында ағымдағы жылғы наурыз айында Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі облыстық және өңірлік қоғамдық медиаторлардың даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешу мәселелері бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында «Полиэтникалық ортадағы медиация» тақырыбына тоқсан сайынғы оқыту семинарын өткізді. Аталған семинар шеңберінде этникаралық, ұлтаралық қатынастарды дамыту түрлері мен этникалық тұрғыдағы жанжалдар қаралды.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Қостанай облысының аудандарында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мектептік медиацияны дамытуға жәрдемдесу, білім беру кеңістігінде медиация институтының тетігін енгізу, медиация негіздерін оқыту, жанжалдарды тиімді шешу дағдыларына үйрету мақсатында   Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеті мен Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы Меморандум шеңберінде 5 сәуірде ауданның оқушылары мен мұғалімдері үшін тренинг-семинар өткізілді. Қатысушылар медиацияның пайда болу тарихы туралы білімдерін кеңейтіп, медиациялық процесті өткізу кезеңдерімен танысты. Ең қызықты – практикалық бөлімде оқушыларға рөлдік ойын ұсынылды. Соның барысында жанжалдық жағдаяттарды шешу тапсырылды. 

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін, рәсімдерін, Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларын білуге бағытталған зияткерлік ойында өздерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Осыған қоса, оқушылар «хакатон» нысанында «Жастар жылы» тақырыбы бойынша шағын жобалар әзірлеп, оларды қорғап шықты. Оқушыларға қызықтылығымен ерекше әсер еткен тренинг-семинар осы жылғы мамыр айында №1 Рудный орта мектебінде өткізілген болатын. 

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Осы қызықты семинар барысында қатысушылар «жанжал» ұғымымен танысып, оның оң және теріс жақтарын белгіледі, реттеудің түрлері, құрылымы және әдістерімен танысты. Сабақ соңында берілген практикалық есептерді шешу арқылы оқушылардың теориялық материалды қаншалықты меңгергені тексерілді. Оқушылар өте белсенді болды, ашық диалог өткізіп, тренерден қымсынбай өз ойларын еркін жеткізе білді. Семинар соңында барлығы атаулы сертификат алды.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Осы мамыр айында Қостанай қаласының № 17 орта мектебінің оқушылары арасында тағы да бір осыған ұқсас семинар өткізілді. Осындай форматтағы жұмыс оқушылар арасында қолдау тапқанын ескере отырып, облыс мектептерінде мұндай нысандағы іс-шаралар одан әрі де жалғасын табады деген шешім қабылданды.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Бұдан басқа, Қостанай облысында 5 тамыз – Республикалық Медиация күні «Ашық есік күндерін» жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Бұл шара «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу күніне (2011 жылғы 5 тамыз) арналған. Аталған акция шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қостанай облысы медиаторларының қауымдастығы» қоғамдық қоры медиация мәселелері бойынша дәстүрлі қоғамдық қабылдау жұмысын ұйымдастырады. Онда қала тұрғындарының нақты проблемалары қаралады, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңестік органдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне арналған «Медиация негіздері» тақырыбына оқыту тренинг-семинары өткізіледі.  

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында (2018 жылғы 5 қазан) «Ынтымағы бар елдің ырысы мол» деген қазақ мақалын еске түсірді. Шынымен де, осы сөздер бүгінгі таңдағы ең орынды, дұрыс әрі дана сөздер! Себебі ел өркендеуі үшін ең алдымен онда бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету қажет.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

- Сіздер медиация принциптерін жастардың ортасына белсенді енгізудесіздер. Осы іс-шаралар шеңберінде балалар дағдылардан өзге тағы нені игереді?

Медиация идеялары мен принциптерін көпшілікке тарату, қоғамда жанжалсыз өзара іс-қимыл жасау бойынша білім, білік және дағдылар игеру, жастарды медиация негіздеріне оқыту, оларды қоғамдық идеологиялық қызметке тарту арқылы өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігін беру мақсатында 2016 жылғы 16 ақпанда Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының базасында Медиация және халықтық дипломатия мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы жобаның мәні неде? Оның мәні «Тең – теңімен» принципі бойынша волонтерлерді оқыту курстарын өткізуде. Бұл ретте спикерлер ретінде жастар сөйлейді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жастарға белгілі бір ақпаратты жылдам жеткізудің тиімді тәсілі болып отыр. Осы жоба іске қосылғаннан бері 70-тен астам адам оқытудан өтті.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Медиация мектебінің түлектері жанжалсыз өзара іс-қимыл бойынша білім, білік пен дағдыларды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар «тең - теңімен» принципі бойынша жастар ұжымдарында волонтер ретінде, тренингтерде тренерлер ретінде жұмыс істеу, мектептердегі медиация кабинеттеріндегі жұмыстарға белсенді қатысу, кластарда жанжалдарды реттеуге және медиация институтын насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу кезінде класс жетекшісіне көмек көрсету мүмкіндігіне ие болатыны белгілі.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Бүгінгі таңда Медиация мектебінің түлектері Қостанай облысының Медиаторлары қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, сондай-ақ жастар ұжымдарымен кездесулер кезінде волонтер, спикер ретінде белсене қатысып, жастар ортасында тренингтер мен семинарлар өткізеді. Бұған қоса, олар пионер лагерлеріне барады, Қостанай колледждерінде студенттермен кездесулер ұйымдастырады, қаланың орта білім беру мектептерінде медиация үйірмелерінің жетекшілері ретінде қызмет атқарады және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері болып табылады.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Курсты аяқтаған соң барлық тыңдаушыларға Медиация және халықтық дипломатия мектебінде оқытудан өткені туралы сертификаттар табысталады. Оқыту тегін негізде жүзеге асырылады. Барлық сабақтар тренинг және ойын формасында өтеді.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

- Медиация және халықтық дипломатия мектебінде жұмысты ұйымдастыру үшін Сіз авторлық білім беру бағдарламасын әзірлеген екенсіз. Осы бағдарламаға жалпы шолу жасап өтсеңіз?

Бұл бағдарлама «Медиацияға кіріспе. Медиацияның құқықтық негіздері. Медиация принциптері», «Медиация және халықтық дипломатия институтын дамыту тарихы: ежелгі дүние жүзі тарихынан бүгінгі күнге дейін», «Жанжал мәні және құрылымы», «Жанжал жағдайларындағы мінез-құлық тәртібі», «Жанжалдың оң және теріс салдары», «Медиатор жұмысының құралдары мен техникасы», «Мектептегі медиацияның психологиялық негіздері», «Мектептегі медиатордың психологиялық инструментарийі», «Отбасы қарым-қатынасындағы медиация», «Отбасындағы жанжалдарды шешу жолдары», «Этномәдени медиация», «Еңбек қарым-қатынасындағы медиация», «Медиациялық процесті жүргізу қағидалары» сияқты және тағы да басқа тақырыптардан тұрады.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Осы авторлық бағдарлама аясында «Медиация шеберханасы» атты цикл бойынша барып өткізілетін сабақтар жоспарланған. Мысал үшін, «Медиация еңбек жанжалдарын шешудің баламалы тәсілі ретінде» тақырыбындағы дәріс тыңдаушылар үшін Қостанай облысындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің базасындағы медиация кабинетінде оқытылады. 

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Екінші «барып оқытылатын» сабақ Қостанай облысы Медиаторлар қауымдастығының базасында өткізіледі. Мұнда кәсіби медиаторлар өз қызметі барысындағы тәжірибемен бөлісіп, тыңдаушыларды медиациялық келісімдерді толтыруға үйретеді, медиацияны жүргізу рәсімімен таныстырады, медиация және медиациялық процесс құжаттамасы саласындағы заңнамалық-құқықтық базаның ерекшеліктерін ашады.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

2018 жылғы желтоқсан айында Медиация және халықтық дипломатия мектебінде оқыту аясында алғаш рет тыңдаушылар Қостанай қалалық соты жанындағы медиация кабинетіне барып көрді, бұл медиация кабинеті 2018 жылғы маусым айында ашылған болатын. Осы кездесуде қалалық сот судьясы Гүлсара Рахметуллина өз сөзінде татуластыру рәсімдері жанжалдарды реттеуге, тараптар арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге және өзара тиімді шешім қабылдауға бағытталатынын атап өтті, сонымен қатар медиациялық процесс ерекшеліктері және оның мақсаттары туралы баяндап, медиация принциптерінің мәндеріне қысқаша тоқталды.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Реті келгенде атап өткен жөн, медиация кабинетінде болған кезде тыңдаушылар «тараптардың тең құқылығы» принципін қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды. Осы принцип процесті ұйымдастырып-өткізу кезінде байқалды. Яғни, медиациялық процеске қатысушылар үшін екі бірдей орындықтың, бірдей қаламсаптың қойылуы және судьядан медиацияға қатысушыларға дейінгі арақашықтықтың бірдей болуы да «тараптардың тең құқылығы» принципінің айғағы іспеттес болды.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Оқыту курсын аяқтаған соң Медиация мектебінің басшылары өз тыңдаушылары үшін қорытынды сабақ өткізіп, медиация курсын сәтті тәмамдағаны туралы сертификат табыстайды. Сабақтар үш кезеңмен өтеді. Бірінші кезеңде түлектер тесттің 20 сұрағына жауап береді. Екінші кезеңде тыңдаушылар шағын топтарда жұмыс істеп, психологиялық-педагогикалық есептерді шешеді, берілген жанжалды шешудегі өз нұсқаларын ұсынады. Үшінші кезеңде емтихан комиссиясының шешімі бойынша Медиация мектебінің түлектеріне сертификаттар беріледі.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының базасындағы Медиация және халықтық дипломатия мектебінің ұйымдастырылған жұмысы қоғамның заманауи сұраныстарына толығымен жауап береді, әрі әлеуметтік белсенді азаматты және Қазақстан Республикасының патриотын қалыптастырады. Қазіргі уақытта аталған мектеп түлектері қосымша білім беру шеңберінде Рудный қаласының және Затобольск кентінің мектептерінде «Медиация» үйірмесіне жетекшілік етеді, сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері болып табылады.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

- Болашаққа арналған жоспарыңызбен бөлісе кетсеңіз.

Осы қол жеткізген табыстарымызбен біз әрине тоқталмаймыз. Біз болашақта қала мен облыс мектептеріндегі мұғалімдер мен психологтар үшін біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы Медиация мектебінің қызметін кеңейтуді көздеп отырмыз. Ол үшін «Жанжалсыз өзара іс-қимыл мектебі» тақырыбындағы курстар әзірленуде. Осы мақсатта біз қосымша және қашықтан білім беру факультетімен бірлесіп, мектеп психологтары мен жұмыс істеп тұрған татуластыру қызметтерінің басшыларына біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, сертификат алуды ұсынамыз.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Біздің ойымызша, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының базасындағы Медиация және халықтық дипломатия мектебінде медиациялық өзара іс-қимыл саласындағы дайындықтан өткен тыңдаушылар басына іс түскен өмірлік жағдайларға тез бейімделіп, шешім тауып, стресске төзімді болады. Олар базалық білім ала отырып, қосымша заңнаманы, конфликтология негіздерін және психология негіздерін оқиды, бұл әрине одан арғы жұмыстарына міндетті түрде қажет болары сөзсіз.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Бүгінгі таңда заманауи әлемде медиация рәсімін сотқа дейінгі талқылауларға енгізу процесі белсенді дамып келеді, әрі қоғамда бірте-бірте танымал болуға айналды. Біздің пікірімізше, Қазақстанда медиация институтын дамыту қоғамдық сана-сезімнің жылдам жаңғыруына және табысты азаматтық қоғамның дамуына көмектеседі. Соның арқасында азаматтар шынымен жанжалдарды мемлекеттің қатысуынсыз және мемлекет тарапынан бақылауссыз реттеу мүмкіндігіне ие болады.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Біздің тыңдаушыларымыз стрестік және жанжалдық жағдайлар бойынша бірегей тәжірибе жинақтап, сол кездерде өзін ұстаудың мінез-құлық дағдыларын меңгерді, өз құрдастарымен және ересектермен сауатты қарым-қатынас орнату жолдарымен танысты. Жас ұрпақты қоғамның белсенді өміріне араластыру азаматтық қоғамның маңызды әрі дәстүрлі міндеті болып табылады және іс жүзінде жаңа идеяларды, бастамаларды және технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

«Балалар мен жастарды әлеуметтендіру, тәрбиелеу және білім беру» тақырыбындағы V халықаралық ғылыми және шығармашылық жұмыстар байқауында Медиация және халықтық дипломатия мектебінің бірінші орынды жеңіп алуы – 2019 жылғы жұмысының оң нәтижесінің дәлелі іспеттес. Бұл байқауды ұйымдастырушылар – Ижевск мемлекеттік техникалық университеті мен «Вятск ынтымақтастық және дамыту орталығы». Осы халықаралық сынға менің ұсынған тақырыбым – «Медиация және халықтық дипломатия мектебі».

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің, сондай-ақ Медиация және халықтық дипломатия мектебінің келешектегі жұмысы қоғамдық сана мен ұлтаралық бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталатынына сенімім мол.

Қостанай өңіріндегі халықтық дипломатия курстары

Бөлісу:

Әсем Жұмабекова

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға