Өскеменге барар жолда 40 көлік қар құрсауында қалып қойды
Фото: iStock
Фото: iStock
05.01.2025 14:23
335
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында "Өскемен-Алтай" республикалық маңызы бар автожолының 66-шақырымында қар көшкіні қаупіне байланысты қауіпсіздік шаралары қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
4 қаңтарда ауа райының қолайсыздығы туралы ескертулерге қарамастан, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар тұрғындары мен қонақтары алыс сапарларға шығуға шешім қабылдаған. Нәтижесінде, Өскеменге барар жолда 40 көлік қар құрсауында қалып қойды.
Полиция мен жергілікті атқарушы органдар шұғыл түрде жылыту пункттерін ашып, адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Ауа райы жақсарғаннан кейін жол ашылды. Патрульдік полиция қызметкерлері құтқарушылармен және дәрігерлермен бірлесіп, бүкіл облыстың автожолдарының қауіпті учаскелерінде кезекшілікті жалғастырып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жолды уақытша жауып, автокөліктердің біртіндеп өтуін ұйымдастырды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері кезекшілік етіп жатыр. Бүгінгі күні шамамен 40 автокөлік қауіпсіз өткелден өткізілді, – делінген хабарламада.
Бұл аймақта бұған дейін қатты жел мен мол жауын-шашын қар көшкіндерінің өздігінен түсуіне себеп болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Еуропада тұмау жұқтырғандар саны күрт артты