Өскемендік ұстаз аязды күндері тұрғындарды тегін тасып жүр
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
23.02.2024 01:20
766
Өскеменде белгілі спортшы, жаттықтырушы ұстаз күн суықта жерлестерін тегін тасып жүр. Тіпті ол көлігіне "тегін такси" деп те жазып қойған, деп хабарлайды Altaynews-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада ШҚО-да басталған аяз халықты біраз әбігерге салды. Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа жеткенше жұрт жаурап қалып жатты. Осындайда халыққа қол ұшын созар қайырымды жандар бар екенін ел көрді.
Бірнеше күннен бері адамдарды тегін тасып жүрмін. "Тегін такси" деп жазып қойдым. Сонда да кейбір тұрғындар отырмай, тартыншақтайды. Кісілерді Ахмер, Согра, Қайсенов кенті сияқты қаланың шет аудандарынан тасимын, – дейді «Гір» көтерудің чемпионы Сұлтан Амантайұлы.
Оқи отырыңыз:
- ТЖМ аяз бен дауыл кезінде не істеу керектігін айтты
- Жолда қалып қойған тұрғындарды үйінде қонақ еткен полицей алғысқа бөленді
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда жайылымнан жылқы ұрлап, оны сойып сатқандар ұсталды