Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар баланың арманын орындады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
15.03.2023 15:42
1125
Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөліміне Алан Нұрлан есімді баланың анасы хабарласты. Баласының туған күнінде құтқарушыларға қонаққа барғысы келгенін айтып, бес жасар баласының арманын орындауды өтінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
№8 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері Аланның тілегін жүзеге асырды. Өрт сөндірушілер балаға заманауи өрт-құтқару техникасын көрсетіп, қызмет атқарып жүрген қарауылмен және жұмыс талаптарымен таныстырды.
Бала жауынгерлік киім-кешекті киіп көрді. Өзінің бала кезіндегі арманының орындалғанына өте қуанышты болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстанда жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілікті
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды