Өскемендік бойжеткен танысынан 6 млн теңге бопсалаған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
21.01.2024 14:40
813
Өскеменде 26 жастағы бойжеткен таныс ер адамнан 6 млн теңге бопсалаған. Жедел уәкілдер оны ақша алу кезінде ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті жәбірленушімен бұрын таныс болған және оның жеке басына қатысты ақпаратты таратып деп қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Амалы таусылған ер адам полицияға жүгінген.
Бойжеткенді қаражаттың үштен бірінен аз сомасын алып жатқан жерінен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ұстады. Қазір аталған фактіге қатысты қорқытып алу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде.
Қазіргі таңда күдікті бойжеткен қамауға алынған. Полицейлер барлық мән-жайды анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
- БҚО тұрғыны кәсіпкерден 1 млн доллар бопсалаған
- Рио олимпиадасының қола жүлдегері ақша бопсалағаны үшін қамауға алынды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері тоқал алды
Келесі жаңалық
Қандай балалар суицидке барады? Психолог түсіндіріп берді