Жаңалықтар

Өскемендегі зообақта баланы қасқыр тістеп алды

Өскемендегі зообақта баланы қасқыр тістеп алды
Фото: yandex.kz 15.03.2023 20:02 906

Оқиға Өскемендегі Сол жағалау саябағында орналасқан зообақта болды. Баланың әкесі бірден полицияға шағым түсірген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның айтуынша, 10 жасар қызы торға қолын сұққанда қасқыр саусағын тістеп алды. Оған бұл оқиғада қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жоқтығы түсіндірілді. Арызданушы полицияның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға