Өскемендегі Жамбыл саябағын тазалауға 140-тан астам адам атсалысты

Мемлекеттік мекемелердің және мәдениет саласының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында эстафетаны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар бүгін Жамбыл саябағын қоқыс пен жапырақтан тазалады. ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің бөлім меңгерушісі Айгүл Чукаеваның айтуынша, 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні.
Бүгін біз саябақ аумағын тазалап жатырмыз. Жамбыл саябағы -мәдениет тарихы, бұл біздің мұрамыз. Біз бәріміз акцияны қолдаймыз және барлық азаматтарды, қала тұрғындарын сенбілікке атсалысуға шақырамыз. Егер бәріміз аулалар мен көшелерді тазалауға жұмылсақ, біздің қала таза болады, - деді Айгүл Шоқаева.
Айта кетейік, республикалық акция мамыр айының ортасына дейін жалғасады, «Таза өлке» деп аталған алғашқы аптада көшелер мен аулала тазартылса, «Киелі мекен» атты екінші апталық тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналды.
