Өскемендегі бау-бақша саяжайында өрт шықты

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
18.09.2024 22:30
595
Өскемендегі «Мелиоратор» бау-бақша қоғамында саяжай үйінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде сөндіріп үлгерді. Өрт 24 шаршы метр аумақты шарпыған.
Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Энергетика министрінің әкесі дүниеден өтті
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды