Жаңалықтар

Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды

Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: ШҚО Полиция департаменті 20.06.2024 23:31 373

Қайғылы оқиға Өскемендегі Есенберлин даңғылының бойында - теміржол көпірінің маңында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО ПД мәліметінше, 20 маусым күні сағат 20:00 шамасында КамАЗ бен Geely көліктері соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрметті көлік жүргізушілері, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз! – делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға