Жаңалықтар

Өскеменде заңсыз жүрген 12 өзбекстандық жауапқа тартылды

Өскеменде заңсыз жүрген 12 өзбекстандық жауапқа тартылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.06.2023 10:45 841

Өскемен қаласында заңсыз жұмыс істеген 12 өзбекстандық анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары Өскеменге еңбек етуге келген шетелдіктерді тексерген.

Өзбекстан Республикасының 12 азаматы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеген. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 4, 5-бөліктері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» - делінген ақпаратта.

Ал жұмыс беруші ӘҚБтК-нің шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және шетелдіктердің болуы туралы хабарламау баптары бойынша жауапқа тартылды. Енді ол 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Жыл басынан Шығыс Қазақстан аумағында рұқсат беретін құжаттарсыз жүмыс істеген 40 шетелдік азамат анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға