Өскеменде үш оқушыны көлік қағып кетті

Өскемен қаласында көлік қаққан 3 оқушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні кешкі уақытта болған.
13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан.
Сәтбаев көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 3 баланы қағып кетті. Соның салдарынан түрлі дене жарақатын алған үшеуі де ауруханаға жатқызылды, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатыны белгілі болды.
