Өскеменде трамвай қозғалысына бір аптаға шектеу қойылды

ШҚО орталығы Өскеменде бір аптаға жуық уақыт бойы трамвай қатынасы бүгіннен бастап тоқтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығы жөндеу жұмыстарына байланысты 6 шілдеден бастап трамвай қозғалысы тоқтатылғанын мәлімдеді.
«Қазақстан» көшесіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. Сондықтан, трамвайлардың орнына қосымша автобустар шығарылады. «Өскемен бекеті-Защита» бағытында №15 автобус жүреді. Оның қозғалысын Oskemenbus мобильді қосымшасынан бақылап отыруға болады», - деп жазылған ақпаратта.
Трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары шамамен бір аптаға созылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тасымалдаушылар «Қазақстан» көшесінің бойымен жүретін №26, Абай даңғылында жүретін №67 және №6 автобустарының саны артады.
