Жаңалықтар

Өскеменде Риддер қаласының мәдени күндері өтуде

Өскеменде Риддер қаласының мәдени күндері өтуде
Фото: ШҚО әкімдігі 20.10.2024 00:26 99

Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасының аясында Риддер қаласының дәстүрге айналған мәдени күндері өтіп жатыр. Шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық филармонияда Риддер тарихи-өлкетану музейінің сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен экспонаттарының көрмесі көпшілікке ұсынылды. Келушілер жергілікті өндірушілер арнайы әкелген бал, шай, тұздалған өнімнің әр түрінен дәм татып, сатып алды. Ал кеш қонақтары үшін Риддер қаласының би ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен гала-концерті ұйымдастырылды. Мәдени шараға белгілі қазақстандық «Ұлытау» рок тобы келді.

Риддер қаласынан 180-ге жуық өнерпаз қатысуда. Арнайы шақырылған «Ұлытау» тобы да өз өнерімен халықтың ыстық ықыласына бөленді. Топ құрамындағы гитарист Максим Кичигин – Риддер қаласының тумасы. Ол біраз жыл осында тұрған еді. Кейін Қазақстанның ірі қалаларына барып, шығармашылығымен танылды. Бүгінгі күні қазақ музыкасын бүкіл әлемге дәріптеп жүрген топта өнер көрсетуде, - деді Риддер қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерболат Ошақбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға