Жаңалықтар

Өскеменде полицей есінен танып қалған әйелді құтқарды

Өскеменде полицей есінен танып қалған әйелді құтқарды
20.09.2023 13:16 651

Полиция қызметкері есінен танып қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кешкі уақытта Өскемен қаласының полициясына өтініш келіп түскен. ҚР ІІМ мәліметінше, учаскелік инспектор Данияр Байжумин дереу оқиға орнына жеткен. Әйел адам әңгімелесу барысында есінен танып, эпилепсия ұстамасы басталған. Полицей әйелге дереу дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларын қабылдаған.

Ол ес-түссіз жатқан әйелді бүйірімен жатқызып, қолда бар құралдармен иегін ашып, тыныс алу жолдарын босатқан. Біраз уақыттан кейін әйел адам есін жиып, құрысулар тоқтап, тыныс алуы қалпына келген. Осы кезде жедел медициналық жәрдем қызметкерлері де келіп жеткен, - делінген мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға