Өскеменде пәтердегі өрт кезінде құтқарушылар 5 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
01.05.2024 14:16
852
ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде құтқарушылар 5 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өскемен қаласында бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері 5 тұрғынды эвакуациялады, олардың біреуі бала. Өрт 3 шаршы метр аумақта жойылды.
Бұл ретте ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап отыр. Сондай-ақ, өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.
Бөлісу:
