Өскеменде өрт шыққан үйден 10 адам эвакуацияланды
![Өскеменде өрт шыққан үйден 10 адам эвакуацияланды Өскеменде өрт шыққан үйден 10 адам эвакуацияланды](/storage/storage/element/2024/11/30/mainphoto/132134/1200xauto_g5q2tJ6V6kFPDlGvb6eMJS2bMw2Po8Tesbc75FMN.jpg)
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
30.11.2024 20:42
484
ШҚО-да ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 10 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Өскеменде Михаэлис көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйде пәтерде өрт шықты.
Оқиға орнына келген құтқарушылар түтінді аймақтан құтқару капюшондарының көмегімен екі адамды құтқарып, сегіз тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Женевада Қазақстан бастаған халықаралық коалиция құрылды
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында далада қалған бес адам құтқарылды