Өскеменде мас ер адам дүкенді тонап кетті
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
16.01.2025 11:01
115
Өскеменде бетперде таққан мас ер адам дүкенді тонаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығында автокөлік бөлшектерін сататын дүкенді тонады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Оқиға түнгі уақытта болды. Күдікті медицина маскасымен бетін жасырып ғимараттың бірінші қабатындағы есіктің шынысын сындырып, ішке кірген.
Ол жерден ер адам тиын салынған контейнерлер мен әртүрлі ақша купюраларын ұрлап кеткен. Күдіктінің айтуынша, ол ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген, себебі бұған дейін дүкенге бірнеше рет кулерге су жеткізген. Қолда бар мәліметтер бойынша ұрланған ақшаның сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы вокзалының қызметкерлері 200 млн теңгеге тауар ұрлаған
Келесі жаңалық
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшы қар күреуге шықты