Өскеменде көшеде адам атып өлтірген күдікті ұсталды
ШҚО полицейлері облыс орталығында оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 қаңтар күні облыс орталығының «102» арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберістердің бірінің жанында ер адамның қанға боялып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген бойда мәйіт табылды. Болжам бойынша ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған.
Аталған дерек бойынша дереу патрульдік бөлімшелер жедел ден қойып, 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды.
Оқиға бойынша бойынша кісі өлтіру (ҚР ҚК 99) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген полиция хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылды.