Жаңалықтар

Өскеменде көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адам айыппұл төлейді

Өскеменде көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адам айыппұл төлейді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 16.01.2025 17:34 235

Өскемен қаласының тұрғыны көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамға полицияның үстінен арыз түсіріп, айыппұл салдырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полицияның хабарлауынша, 102 арнасына бір азамат хабарласып, бірден үш арыз түсірген. Ведомство полиция қызметкерлері заңды осылай бұзғандарға жаппай айыппұл салу мақсаты жоқтығын хабарлайды.

Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымы түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ заңның бұзылғаны турасында дәлелдер (фото, видео) болуы керек, — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

ІІМ қозғалтқышты ұзақ уақыт жылытуға тыйым салу 20 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқанын еске салды. Бірінші жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға