Жаңалықтар

Өскеменде көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде

Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлім етті
Өскеменде көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде
Фото: gov.kz 21.01.2023 14:16 1255

Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша Ахмер ауылында Сейфуллин көшесінде науа арығы төселді, Омаров көшесінде арықты тереңдету және тазарту жүргізілді, осыған ұқсас жұмыстар Шмелев Лог кентінде, "Металлург-3" бақша қоғамының  және 28 тұрғын ауданы аумағында аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ЖМК, Аблакетка, Промбаза, Согра, Куленов, Жыланды, Защита, Нефтебаза, Прохладная шағын аудандарында, Ахмер ауылында, Шығыс, Прудхоз кенттерінде арықтарды, сондай-ақ Жуковский, Шешек, Бражинскийжылғаларының арналарын тазарту жүргізілді.
Қазіргі уақытта қала аумағындағы өзендер мен жылғалардың жағдайы тұрақты. Безымянный (тау шаңғысы базасының ауданында) және Безымянный ключ  (Бобровская трасса ауданында трасса арқылы 10 құбырда) жылғаларында мұз пайда бола бастады, толып кету қаупі жоқ. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша "Таза Өскемен" МКК күштері және техникасымен мұзды ыстық сумен шаю туралы шешім қабылданды.

Су тасқынына қарсы кезеңге барлығы 75 бірлік арнайы техника, жеке құрамнан 120 адам, 4 тіркеме және 20 тасымалданатын мотопомпа дайындалды, жақын арада тағы 10 тасымалданатын мотопомпаны сатып алу жоспарлануда.
Инертті материалдар, жанар-жағармай және қапшықтар дайындалуда, қазірдің өзінде 5000 қап, 400 тонна құм, 70 тонна жанар-жағармай дайындалды, келісімшарттар жасау жалғасуда.

Сонымен қатар, құтқарушылар халыққа үй маңындағы аумақтарды қардан уақтылы тазартуды, арықтар мен жылғалардың арналарын қоқыстамауды ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға