Өскеменде екі қылмыстық топ ұсталды
![Өскеменде екі қылмыстық топ ұсталды Өскеменде екі қылмыстық топ ұсталды](/storage/storage/element/2023/06/20/mainphoto/55781/1200xauto_IS4mzmHQ7YmsQ1ZPRPJmINXV2oWL1bdyspMNsEs3.jpg)
Фото: © ҚР ҰҚК
Фото: © ҚР ҰҚК
20.06.2023 10:40
910
Өскеменде өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесулерінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, операция барысында қала кафелерінің бірінде 20-дан аса қылмыстық топ қатысушысы ұсталды, кейбіреулері бұл жерге қаруларымен келген.
Күдіктілерден 2 «Макаров» тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, «тегіс ұңғылы шолақ мылтық», дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленді, - делінген мәліметте.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Астанада Халықаралық волонтерлер форумы басталды
Келесі жаңалық
Семейді су басты