Өскеменде екі мыңға жуық үй жарықсыз қалды
Қазіргі уақытта мамандар жұмыс істеп жатыр
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz
02.12.2022 14:29
1372
Бүгін Өскеменде электр желісінен ақау шығып, екі мыңға жуық үй мен тағы бірнеше көше жарықсыз қалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Белгілі болғандай, бұған "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" АҚ-ның қосалқы станциясындағы апат себеп болып отыр.
№25 станцияда апат болды. Соның салдарынан 1800-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта сол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты бірнеше сағаттың ішінде қалпына келтіріледі, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шыққаны хабарланған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері 34 градусқа дейін аяз болады