Жаңалықтар

Өскеменде әйел сәбиін үйде босанып, қоқысқа тастаған

Өскеменде әйел сәбиін үйде босанып, қоқысқа тастаған
Фото: El.kz 27.02.2025 16:40 245

Өскемен қаласында 44 жастағы әйел үйінде босанып, салдарынан сәбиі өлі туылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел сәбиінің өлі туғанын көріп, оның денесін қоқысқа тастаған. Белгілі болғандай, ол жүктілік бойынша есепке тұрмаған және бірде-бір рет дәрігерге қаралмаған. Кейін денсаулығы нашарлаған әйел жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға