Жаңалықтар

Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды

Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 01.04.2025 03:24 504

Өскеменде полицейлер мен тұрғындар теміржолдағы апаттың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының орталығында полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар теміржолда болған төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, пойыз бен автобустың соқтығысуына жол бермеді.

Патрульдік полицейлер Тимур Абдрахманов пен Раджан Базарбекұлы дереу көмекке ұмтылып, қала тұрғындарымен бірге рельс үстінде тоқтап қалған автобусты итеріп шығарды. Олардың жылдам әрекетінің арқасында ауыр зардаптың алдын алуға мүмкіндік туды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға