ОСК хатшысы Анастасия Щегорсова ЖСДП париялық тізімі тіркеу құжаттары талапқа сай екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
“ЖСДП 19 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімде 6 кандидат бар: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар кандидаттардың жалпы санының 31,6 пайызын құрайды. Белгіленген квота сақталған. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.