Жаңалықтар

ОСК  теледебатқа байланысты мәлімдеме жасады

ОСК  теледебатқа байланысты мәлімдеме жасады
Фото: El.kz 27.02.2023 11:56 762

Орталық сайлау комиссиясы теледебатқа «Хабар» телеарнасының неге таңдалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Хабар екі тілді ақпарат таратады. Осы себептен «Qazaqstan» арнасы емес, «Хабар» телеарнасы таңдалды», - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

Щегорцованың айтуынша, басты себеп – «Хабар» телеарнасының екі тілде ақпарат тарататыны.

Сондай-ақ журналистердің 63 миллион теңге қайда жұмсалады деген сауалына «Хабар» телеарнасының өкілі жауап берді.

«63 миллион деген телевизиялық жобаға салғанда көп ақша емес. Оны телевизия саласында жүрген мамандар біледі. Өткен сайлаулардың декорациясы сақталмайды. Қазмедианың киноконцерт залын жалдап, декорация жасау арқылы ұйымдастырамыз. Үлкен, жоғары сападағы лед-экрандар қойылады. Оның барлығы жалға алынады. Сондай-ақ, шығармашылық ұжымның қаламақысы бар»,- деді «Хабар» телеарнасының өкілі.

Осыған дейін ОСК отырысында жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндама жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу, оның ішінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері және сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі ОСК-ның отырысы өтіп жатқанын мәлімдедік.

Еске салсақ ОСК сайлау алдындағы теледебат «Хабар» телеаранасында өткізілетінін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға