Жаңалықтар

ОСК тағы жеті шетелдік байқаушыны тіркеді

ОСК тағы жеті шетелдік байқаушыны тіркеді
Фото: El.kz 15.02.2023 16:55 1099

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының он үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz.

Отырысқа Бас прокуратураның, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі өкілдері қатысты. Шет мемлекеттерден акредиттеудің кейбір мәселелері қаралды.

“6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы ресми тіркеуден өткізген болатынбыз. 3 шет мемлекеттен 7 байқаушыны тіркеуден өткізуге өздерін ұсынған болатын. Атап айтқанда, Армения Республикасы 2 байқаушы, Франция Республикасынан 3 байқаушы, Грузиядан 2 байқаушы ұсынылды,- деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға