Жаңалықтар

ОСК сайлау алдындағы пікірсайыс қалай өтетінін баяндады

ОСК сайлау алдындағы пікірсайыс қалай өтетінін баяндады
Фото: El.kz 27.02.2023 11:36 1088

ОСК сайлау алдындағы теледебат «Хабар» телеаранасында өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Телдебатқа 63 млн теңге қаражат бөлінді. Дебат бойынша регламент құқықтық акті бойынша белгіленген. Бұл дебат тек партиялық тізім бойынша қатысып жатқан кандидаттарға ғана қатысты. Бір мандаттық депуттарға қатысы жоқ .

«ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлауға тіркелген партиялардың пікірсайыстарын ОСК ұйымдастырады. ОСК пікірсайысты өткізу бойынша қағидалары мен шарттарын бекітті. ОСК пікірсайыс өткізу күнін, уақытын жазбаша хабарлайды. Пікірсайыстарды ұйымдастыру бойынша ОСК Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен кеңес өткізді. Телеарнаның техникалық мүмкіндіктері, аудиторияны қамту ауқымы маңызды болды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Хабар» телеарнасын ұсынды», - деді Анастасия Щегорцова.

Осыған дейін ОСК отырысында жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндама жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу, оның ішінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері және сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі ОСК-ның отырысы өтіп жатқанын мәлімдедік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға