Жаңалықтар

ОСК Президенттік сайлауға қанша қаржы жұмсалатынын айтты

Комиссия мүшелері сайлау өткізудің маңыздылығы мен тәртбіне тоқталды.
ОСК Президенттік сайлауға қанша қаржы жұмсалатынын айтты
Фото: zhasalash.kz 22.09.2022 14:24 2269

Орталық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров орталық сайлау комиссиясы өз өкілеттіктеріне сәйкес респубулика аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және біркелкі қолдануын қамтамасыз етеді. Қатаң түрде заңнамаға сай өткізуді бақылай отырып, ашық әрі әділетті бәскелестік үшін барлық жағдай жасайтын болады деді.

Алғашқы сөз кезегі ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Константин Петровқа берілді. Ол Президенттің кезектес тыс сайлауы республика Президентінің шешімімен тағайындалады және тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізілетіндігін тілге тиек етті.

«Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезден бастап бес күн ішінде жүзеге асырады. Сондай-ақ, президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың санынан кем дегенде 1 пайызының қолдарын жинаумен куәландырылуы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкес анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүргізіледі. ҚР сайлаушыларының тізіліміне дауыс беру құқығы бар 11827277 азамат енгізілді. Әрбір кандидатты қолдау үшін 118273 сайлаушы жиналуы тиіс», - деді.

Ал орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде сайлауға халықаралық байқауышылардың қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Демократиялық сайлау ұйымдастырудың беделін және азаматтардың сайлау өткізу процестері негізінде беделін арттырады. Сайлау туралы заңға сәйкес халықаралық байқаушылардың шетелдік БАҚ өкілдері қыметін ұйымдастыру мақсатында орталық сайлау комиссиясы қаулы жоба дайындады», - дейді.


Қаулыда шетелдік байқаушыларға қатысты белгілі тәртіптер белгіленген.

Сондай-ақ, отырыс барысында сайлау ұйымдастырушыларды сайлау процесінің басқа да субъектілері негізінде оқыту қарыстырылғаны айтылды.

Бұл тұрғыда орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина электрораттық оқыту мен даярлық деңгейінің маңыздылығын айтты.

«Электрораттық оқыту жүйесінің әдістамалық негізі 2018 жылы енгізілген. Яғни, ОСК республикалық деңгейде учаскелік сайлау комиссиясына дейін оқытудан тұрады. Мұндай оқыту әдісі шет елдерден электрораттық оқытуда кеңінен қолданылады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 56 мемлекеттің 41-інде осы оқыту қолданылады», - деді ол.


Сондай-ақ комиссия мүшесі сайлау өткізудегі қаражат сомасын тілге тиек етті.
«Еңбекақы төлеу қоры - бұл барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесі, олар ең төменгі жалақы өлшемдеріне байланысты. 2019 жылы ЕТЖ 42 500 теңгені құраса, биылғы жылы – 60 мың теңге. Бүгін біз қаржы министрлігіне сайлау науқанына арналған шығыстардың шамамен алынған сметасын ұсындық және қазір оның талқылауы 20,5 млрд теңге мөлшерінде өтуде», - деді.

Сондай-ақ, ол 2019 жылы бір бюллетеньді дайындау құны 11 теңгені құраса, қазір құны 22 теңгеге дейін өскенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Президенттің кезектен тыс сайлауы 20 қарашаға белгіленген.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға