Жаңалықтар

ОСК-ның сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі отырысы өтті

ОСК-ның сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі отырысы өтті
Фото: El.kz 27.02.2023 10:21 1182

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу, оның ішінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері және сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі ОСК-ның отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жиынға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Цифрлық даму және аэроғарыш вице-министрі, ОСК мүшелері қатысты.

«Сайлауды ұйымдастыруға байланысты бұған дейін де отырыс өткізген болатынбыз. Негізгі жауапкершілік жергілікті атқарушы органда болады. Сайлауға 30 күн қалған уақытқа дейін сайлаушы өзінің сайлау округын жергілікті атқарушы органға жолдау арқылы өзгерте алады. Сайлау туралы бейне-ролик 9 телеарнада, аудиоролик 11 радиоарнада ұсынылды. Сайлаушы өзінің сайлау учаскесін өзгерту үшін сол жерде бекітілген болуы керек. 17 мыңнан астам өтінім келіп түсті. 12 млн 32 мыңнан астам сайлаушы тіркелді. Біз олардың қайталанбағанын тексеру жұмыстарын аяқтадық», - деді ОСК комисия төрағасының орынбасары Константин Петров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға