ОСК Мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
Орталық сайлау комиссиясы 19 наурыз күні өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру нәтижесіне қарай депутаттық мандаттарды бөлуге «Amanat» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, «Respublica» партиясы, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қатысады.
Дауыс берудің қорытындыларына қарай депутаттық мандаттар саяси партиялар төмендегідей бөлінеді:
1. «Ақ жол» партиясы – 6;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8;
3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4;
4. Қазақстан халық партиясы – 5;
5. «Amanat» партиясы – 40;
6. «Respublica» партиясы – 6.