Жаңалықтар

ОСК-да қаржылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды

ОСК-да қаржылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды
Фото: baq.kz 27.01.2023 11:51 1828

Отырыста Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қоры туралы айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина елдегі сайлау процестерін қаржыландыру демократияның, мемлекеттік басқарудың және прогрестің көрсеткіші болып табылатындығын айтты.

«Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңында белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді. Ал Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді», - деді.

Сондай-ақ, ол Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар тіркелгенге дейін және оған заң талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін өз қаражатынан ЖАО шотына 5 ЕТЖ мөлшерінде сайлау жарнасын енгізетіндігін атап өтті.

«Тиістік аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасын тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылардың бес және одан да көп пайызды алған саяси партиялар төлемейді. Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорының жалпы мөлшері 15 мың ЕТЖ – 1млрд 50 млн.теңге», - дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға