«Өшір, барлығын өшір». Сотта Бишімбаев пен Байжановтың хат алмасуы оқылды

Фото: t.me/Jogargy_sot
Фото: t.me/Jogargy_sot
01.04.2024 12:14
1589
Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Онда қылмыс болған күнгі Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың хат алмасуы оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хабарламада Бишімбаев туысынан Гастро-орталықтағы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды өшіріп, Салтанат Нүкенованың заттарын алып кетуді сұрайды.
Оқи отырыңыз:
- Байжанов Бишімбаев пен Нүкенованың киімдерін Гастро-орталыққа әкеп беруімді сұрады – куәгер
- Бишімбаев «Мен оны өлтіріп алдым ба?» деп көзіне жас алды – куәгер
Жәбірленуші тараптың адвокаты бұл куәгердің айтқан жауаптарына сәйкес келетінін жеткізді.
Бишімбаев Байжановқа «Барлығын өшір. Түнгі түсірілгендердің барлығын өшір. Барлық Гастро-орталықтағы камераларды өшір. Қайтып кел. Оның телефонын табу керек. Бақытжан, жейде машинада. Жаңасын алып кел. Жоспарланған барлық салтанатты іс-шараларды тоқтат», - деп жазған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бұрынғы ұлттық экономика министрі жаңа қызметке тағайындалды