Жаңалықтар

Қош бол, ГРАНАДА! Құшағыңды аш, АЛМАТЫ!

Гранадада (Испания) ХХVII Қысқы Универсиаданың жабылу салтанаты өтіп, онда бүкіләлемдік студенттер додасының туы салтанатты Қазақстан делегациясына тапсырылды.
18.02.2015 12:11 3593

20 күнге созылған 2015 жылғы қысқы Универсиада ойындары мәресіне жетті. Естеріңізде болса, XXVII қысқы Универсиада тек Гранада қаласында өтуі тиіс болатын. 2009 жылы өтініш білдірген жалғыз қала Гранада болған соң, FISU (Бүкіләлемдік студенттер спорты федерациясы) еш ойланбастан Испанияның әсем қаласына мүмкіндік берді. Уақыт өте Гранада Универсиаданың барлық талаптарына жауап бере алмайтыны белгілі болды. Осылайша 2014 жылы мәселені қайта қарап, кейбір спорт түрлерін Словаканияның Штрбске-Плесо, Осрблье қалаларын қосып берді.

Қош бол, ГРАНАДА! Құшағыңды аш, АЛМАТЫ!

Жабық кешендегі спорт түрлері Гранадада, шаңғымен жүгіру, шаңғы қоссайысы, биатлон және трамплин спортынан жарыстар Словакияның қос қаласына берілді.

24 қаңтардан 1 ақпанға дейін спорттың төрт түрінен Словакияда (Штребске-Плесо мен Осрбльеде) 26 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Одан кейін Универсиада Испанияға (Гранадаға) ойысып, 14 ақпанға дейін қалған жеті спорт түрінен 42 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Біздің спортшылар биылғы ХХVII қысқы Универсиадада 11 жүлдемен (бес алтын, алты күміс) жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды Ресей спортшылары, екінші орынды Оңтүстік Корея иеленді. Жекелей сында бірде-бір спортшымыз қола жүлде алмаса да, жалпы есепте қола қолтықтап қайттық. 

Анастасия Слонова – Қысқы Универсиадада төрт жүлде алды!

Жүлде салғандар:

Анастасия Слонова еркін әдіспен жарысуда алдына жан салған жоқ, бір өзі 2 алтын, екі күміс олжалады;
Биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында Алина Райкова теңдессіз шығып, алтын алды;
Могулдан (фристайл) ел қоржынына үш жүлде түсті. Павел Колмаков алтын, Дмитрий Рейхерд күміс еншіледі. Қыздардан Юлия Галышева алдына жан салған жоқ, алтын жүлде иеленді;
Ерлер арасында ұлттық құрама 4х7,5 шақырымға шаңғымен жүгіруден күміс еншіледі (Александр Малышев, Евгений Величко, Евгений Бондаренко, Марк Старостин);
Әйелдер арасында ұлттық құрама 3х5 шақырымға шаңғымен жүгіруден күміс жүлде алды (Анна Стоян, Виктория Ланчакова, Анастасия Слонова);
Биатлоннан ерлер (2х7,5) мен әйелдерден (2х6) құралған ұлттық құрама (MIX) күміс жүлде иеленді;  
Бұл додада хоккейден ұлттық құрамамыз да өте тартымды ойын көрсетті. Финалда азулы Ресей құрамасымен кездесіп, ұтылыс тапты;

Қош бол, ГРАНАДА! Құшағыңды аш, АЛМАТЫ!

Гранадада (Испания) ХХVII Қысқы Универсиаданың жабылу салтанаты өтіп, онда бүкіләлемдік студенттер додасының туы салтанатты Қазақстан делегациясына тапсырылды.

Қош бол, ГРАНАДА! Құшағыңды аш, АЛМАТЫ!

Бүкіләлемдік студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Клод-Луи Галльен Универсиада туын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжоловаға табыстады. Универсиада туын қабылдап алу рәсіміне Қазақстан студенттер спорты федерациясының президенті Қайрат Закирянов та қатысты.

Қош бол, ГРАНАДА! Құшағыңды аш, АЛМАТЫ!

Естеріңізге сала кетейік, келесі ХХVIІI қысқы Универсиада 2017 жылдың басында Алматыда, яғни Алатау бөктерінде өтеді.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға