Жаңалықтар

ОРЫСША ОҚУШЫЛАР

5-інші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге емтихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары.
27.08.2014 22:42 5166

 

5-інші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге емтихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қақына һəм стипендия орны алтау- ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары ауқаты көтерсе өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пəтерде тұрып, сонан келіп оқып жүреді, я жылына 150 сом төлеп, школадан тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады. Бай адамдарға жылына 150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп ақша. Солай болған соң дұрысы былай істемек еді: бай балалары өз жанынан оқып, жарлы балаларына қазына орнын беру еді. Оны істейтін біздің Торғай мен Орал облысында байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары жарлы балаларымен таласа кіреді. Қазақ байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. Медреседе оқып жүрген балалардан зерек-зерек балаларды таңдап алып, жылына 300 сом ақша расход кесіп, орысша, мұсылманша болсын оқу оқып қайтуға жібереді екен. Сондай жіберген баланың бірі биыл киргизский учительский школаға кірді. Бұрын «Медресе Ғалияда» оқып, былтырдан берлі орысша мұғалімдік ғылымын білу ниетпен учительский школа я семинарияға кіру үшін орысша оқыған екен. Талапкерлерге керекті ақшасын беріп, оқуға жіберіп жүрген байлар да, олардың ақшаларын адалдап орнына жұмсап жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, бірден соңғы болып школаға емтихан еріп кірді.

Жоғарыда айтылған алты бос орынның үшеуі қазаққа, үшеуі орысқа екен. Маманов талапкер қазынадан тиісті орнын емтиханнан 5-інші болып келген бір жарлы баласына беріп, өзі Мамановтардан алатын ақшасының 150 сомын төлеп, школада жатып оқитын болды. Сүйтіп, биыл қазақтан келген қырық баланың төртеуі-ақ кірді, басқалары өз күшімен оқуға ауқаты жоқ болған соң, қазына орыны жетпеген соң еліне қайтты. Жылда учительский школаға 40-50 бала келеді, төртеу-бесеуі, яғни оннан бірі кіріп, басқалары оқуға [қаржы] таба алмай, еліне қайтады. Бұлар городской, губернский класты, сельский школа бітіргендер. Олар оқырлық орындар шамалы; учительский школаға, семинария, адам фельдшері иə мал фельдшерінің школалары. Торғай мен Орал облысында фельдшерлік школалар жоқ. Семинарияларда қазақ стипендиясы иə тіпті жоқ, иə бар болса аз, жоқ есебінде. Киргизский учительский школада қазына орны 60, оның жартысы қазаққа, жартысы  орысқа деп, ол жағынан да үлкен ауыл үлкендігін қылатын көрінеді. Торғай мен Орал облысының қазағы дендеп, көбірек оқитын орны киргизский школа, бұған кіре алмай қайтқаны оқи алмай қалғаны. Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-шарпы орыс тілі, шала-шарпы орыс жазуы. Білгендері шала-шарпы мұсылманша хат біледі, білмегендерінде ол да жоқ. Переводчик, хатшлық орын-морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып тіл де, жазу да ұмытылып, оқымаған қалпына түседі. Сана-саңылау түскендей иə мұсылманша, иə орысша жете оқыған жоқ: «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переводчик иə хатшы болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан шығады.

Жоғары һəм орта оқулыларымыз аз болса да, шолақ оқу- лыларымыз тəуір бар. Ең аз болса һəр облыстан шолақ оқумен қалатын қазақ баласы 50-60 болады. бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен болады, үйінде тұрғанының оқығанынан жұрнақ қалмайды.

«Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт алдына түсіп, түзу жолға бастайтын адамдар шығар деп, үміт ететін жастарымыздың жайы осы. Орысша оқығандарымыздан пайда жоқ деп, қазақ өкпелейді. Сондағы оқығандарымыз дейтіні шолақ оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? Егерде оқығандарымыз деп жоғары я орта оқулыларды айтса, олар тіпті аз-ақ есепте емес пе? Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Үлкен үй салуға да қанша жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй жұмысынан ұлұғырақ емес пе? Жұмысшы аз болса, жұмыстың өнімі де аз, көп болмақшы. Егер де оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан төртеуі ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, жұрт жұмысшысы көбейіп мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері басып өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе? Бұ да сол сияқты емес пе?

Сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштымыз деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тəрбиелесең ұл болмақшы. Құлша тəрбиелесең құл болмақшы. Айып18...* Егерде осы күнгі орысша, оқығандардың арасында жұртым... шығып жатса, жұрттың өткізген... төлеу үшін емес, адамшылық бо...* басынан атқару үшін. Мойындағы борышты білу білімі ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Білім мен адамшылық екі басқа нəрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе, төлеушілер де көбеюі ықтимал.

Жоғарыдағы айтылған сөздердің ақтығы мынау: əуелі, қзақ, жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып қоймас үшін, қам қылыңдар! Ол үшін һəм жердегі оқитын орындарда көбірек стипендия ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы оқыту ата-анасына ауыр болғанмен, жұртқа жеңіл. Екінші, стипендияларды түрлі школдарда ашу керек. Қандай школдарда, қанша стипендия ашу һəм...............

«Қазақ» газеті, 1913, 15 август, № 26.

(Бас мақала)

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға