Жаңалықтар

Өрттен сақтан, үй иесі!

Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымына дайындық басталып кетті
Өрттен сақтан, үй иесі!
04.09.2019 16:36 4694

Осы жылдың басынан Нұр-Сұлтан қаласында 377 өрт оқиғасы тіркелген. Тұрғын үй секторларындағы өрттердің негізгі себептері – пешпен жылыту, электр жабдықтарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

Жылыту кезеңінің басталуы қарсаңында және тұрғын секторда өрттерді алдын алу мақсатында өткізілген Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі бойынша брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Орал Әбдірахманов өрт кезінде қазақ тапқандар бойынша статистикалық мәлімдеме жасады.

– Өткен жылғымен салыстырғанда өрт оқиғасы 6%-ға азайып отыр. Жалпы, 12 адам, оның ішінде алты бала қаза тапты. Материалдық шығын 2 млн.85 мың теңгені құрады, – деді.

Оның айтуынша, өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында (172 оқиға) орын алған. Ол оқиғалардың  56%-ы жекеменшік үйлерге тиесілі екен.

Сонымен қатар, брифингте өткен шомылу маусымына қорытынды жасалды. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Эльдор Райымбеков:

–   Жыл басынан бері қаланың су айдындарында он сегіз адам қайтыс болған, оның біреуі кәмелет жасқа жетпеген бала. Қаңтар айынан бүгінге дейін құтқарушылар 24 адамды өлімнен арашалап, судан алып шықты. Оның алтауы бала болатын. Адамдар көбінесе суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде шомылып, өз өмірлеріне қауіп төндіруге құмар. Сол сияқты алкогольді сусынды пайдаланған ересектер, өз күштері мен мүмкіндіктерін есепке алмай суға түсіп, ажал құшып жатыр, –  деді.

Жалпы, елордамызда 23 шомылу орындары бар болса, соның жиырмасына «қауіпт» тақтасы қойылған. Тек үшеуі ғана демалушылар үшін қауіпсіз боп саналады.

Брифинг аяқталған соң тұрғын сектор бойынша профилактикалық рейд өткізіліп, Сарыарқа ауданындағы бірнеше үйлердің иелеріне өрт қауіпсіздігінің міндетті нормалары мен ережелері айтылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұржалардың жаз мезгілінде тазаланғанын, пештердің жөнделгенін, сызаттар бар-жоғын тексеріп, көпбалалы отбасылардың үйіне газдың иісінен хабардар ететін құрылғылар орнатты.

Бұл - жергілікті тұрғындарға берілетін түсіндірме қағаздары. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері алғашқы боп есік ашқан тұрғынның жылу маусымына дайындығын сұрастырып жатыр.

"Қаупсіздік ережелерін жақсы білемін", - дейді бұл тұрғын.

Ал кейбір тұрғындар үйлерінде болмай шықты...

Шағын екі бөлмелі үйді жалға алып отырған Ольганың үйіне газ иісінен хабар беретін құрылғы орнатылды. 

Бұл құрылғы жұмыс жасау үшін үш батареяны салып, ортадағы тетікті баса салсаңыз болғаны...

Осылайша, Сарыарқа ауданының Атакент орамындағы бірнеше үйдің жылу маусымына дайындығын тексеру жұмыстары аяқталды.

Ескертпе. Жылыту пештерін пайдаланған кезде тыйым салынады:

 - Осындай пеш түрлеріне арналмаған отынмен жағуға;

 - Пеш тұтату кезінде бензин, керосин, дизельдік отын мен басқа да тез жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

 - Пешті жағу кезінде есікшелердің ашық болуына;

 - Пешті тым қызздырып жіберуге;

 - Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға;

 - Пештің үстінде заттарды кептіріп, қаттауға және ошақ көзінен 0,5 метрден кем болмайтын арақашықтықта отын, киім-кешек және басқа жанғыш заттар мен материалдарды қоюға;

 - Желдеткіш және газ каналдарын түтіндік ретінде қолдануға болмайды.

(Сурет: автордікі)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға