Жаңалықтар

Өртенген «Байлар тұратын үйді» әкімдік жөндейтіні рас па?

Өртенген «Байлар тұратын үйді» әкімдік жөндейтіні рас па?
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 24.06.2024 13:04 793

22 маусым күні Астанада «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешені өртенген еді. Осыдан соң қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзі барып, тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік желіде әкімдік «Байлар тұратын үйді» жөндеп беретін болды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дегенмен әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталмыш үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай, қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, 22 маусымда Астанадағы «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінің 26-қабатынан өрт шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға