Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді

Ертең Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Онда төмендегі мәселелер қаралады:
1) Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы;
4) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері қаралады.
