Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі тағайындалды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
07.11.2024 09:03
1140
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін осы лауазымды қызметтерді атқарып келген Сәбила Сапарқызы Мұстафинамен Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Болашақ кубогына қатысатын қазақстандық хоккейшілер анықталды
Келесі жаңалық
Бокстан Әлем кубогы: Қазақстанның ерлер құрамасы анықталды