Жаңалықтар

Орталық Азияның ядролық медицина мамандарын дайындайтын орталық ашу қажет - депутат

Орталық Азияның ядролық медицина мамандарын дайындайтын орталық ашу қажет - депутат
Фото: ОКҚ 27.06.2024 16:30 540

Қазақстанда ядролық медицина үшін мамандар даярлау жөніндегі құзыреттілік орталығын ашу керек. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Біздің елімізде радионуклеидті диагностика үшін тек 2 препарат, ал онкологиялық ауруларды емдеу үшін тек 1 препарат шығарылады. Салыстырсақ, АҚШ-та 49 түрі, Ресейде – 23, Түркияда – 11 түрі шығарылады, - дейді депутат.

Ол Парламентте радиофармпрепараттар өндірісін дамыту мәселесі өте белсенді талқыланғанын жеткізді.

Бұл салада әлеуетіміз бар. Біз халықаралық нарыққа да шығуымыз керек. Депутаттар бұл мәселелерді бірнеше рет көтерді және алдағы уақытта да көтеретін боламыз, өйткені қолданыстағы заңнамаға одан әрі түзетулер мен өзгерістер енгізу қажет. Атом энергетикасы, Халықтың радиациялық қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс, қала құрылысы салалары туралы заңдар, сондай-ақ әрбір ведомствоның заңға тәуелді актілері мен ережелерін өзгерткен жөн. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану – бұл медицина- дейді Айнұр Арғынбекова.

Сондай-ақ олядролық медицина атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бағыттарының бірі екенін айтты. 

АЭХА жобасы аясында - бұл бізден, депутаттардан, Денсаулық сақтау министрлігінен ұсыныс, - Орталық Азияда Астанада мамандар даярлау жөніндегі құзыреттілік орталығын ашуды ұсынамыз, оны Семей қаласында да ашуға болады, - деді сенатор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға