Жаңалықтар

Орталық Азияны геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз - Қасым-Жомарт Тоқаев

Орталық Азияны геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз - Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда 19.05.2023 11:42 755

Орталық Азияның қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Бұл туралы Қасым Жомарт Тоқаев «Орталық Азия ­– Қытай» саммитінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент бұл міндетті орындауға Қытайдың зор үлесі барын еске салды. Бейжіңнің барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты ұстанымына да оң баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайда Орталық Азияның әрі қарай да ынтымағы жарасқа аймақ ретінде дамуы керектігін тілге тиек етті.

Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашан да ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға