Жаңалықтар

Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша «Kazakhstan-2023» жетекші конференциясы аяқталды

Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша «Kazakhstan-2023» жетекші конференциясы аяқталды
18.09.2023 06:36 717

Бұл іс-шара бір жерде 4000-ға жуық АҚ-сарапшыларының, IT-мамандардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, БАҚ, бизнес және вендорлар өкілдерінің басын қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3 күнге созылған іс-шара аясында Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазнет кеңістігінде сервистер мен қосымшалардың қауіпсіздігіндекеткен осал тұстарды анықтағаны үшін үздік 10 ақ хакерді марапаттады. 

BugBounty.kz анықталғаносындай осал тұстар туралы есептерді сыйақы үшін хабарлауға және жіберуге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, бұл алаңдыКибершабуылдарды талдау және тергеу орталығыЦДИАӨМ-мен бірлесіп іске қосты.

«Мен осы іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысымды білдіргім келеді. Мұндай іс-шаралар біздің еліміздегі киберқауіпсіздік деңгейін арттыру жолындағы маңызды қадам саналады. Осы орайда, BugBounty бағдарламасының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Сіздердің жұмыстарыңыздың киберқауіптермен күресудегі маңызы орасан, сондықтан күш-жігерлеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңізге ризамыз. Сіздер – біздің заманымыздың нағыз батырларысыздар!», - деді Руслан Әбдіқалықов.

Сондай-ақ, «KazHackStan» конференциясы аясында «OSINT және Киберқауіпсіздік: цифрлық әлемдегі барлау және қорғау» тақырыбында workshop өтті. Онда Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының сарапшысы Виталий Перов спикер болды. Оқытуға мемлекеттік органдар мен жеке сектордан 300-ден астам қызметкер қатысты. Workshop қатысушыларды ашық барлау көзі (OSINT) және киберқауіпсіздік әдістері мен құралдарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Виталий Перов өзінің киберқауіпсіздік саласындағы тәжірибесін бөлісіп, желідегі компаниялар мен ұйымдар бетпе-бет келетін әдеттегі қауіп-қатерлер туралы айтты. Олкибершабуылдардың алдын алу үшін қандайқорғаныс шараларын қолдануға болатынын жәнеоған қандай құралдар мен технологияларкөмектесе алатынын түсіндірді. Сондай-ақ, АКТ-ны қолдану арқылы қылмыстарды ашу бойыншаCyberPol-мен бірлесе жүргізіліп жатқанжұмыстар туралы айтты.

Конференцияға қатысушылар үш күн бойыөздерінің жинаған білім-біліктерін, тәжірибелерінжәне идеяларын белсенді түрде бөлісті.Киберқауіпсіздікке қатысты оқыту мен дамытудың әртүрлі аспектілеріне арналған сессиялар осы саладағы ең өзекті сын-қатерлер мен бастамаларды айқындауға мүмкіндік берді.

Спикерлер күрделі кейстерді бөлісті, соңғы трендтер туралы айтып, аудиторияның қойған сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, кестеге сәйкес әртүрлі workshop-тар болды. Алаңдакомпанияның стендтері де орналастырылды, қатысушылар олардан мансаптық мүмкіндіктер, сондай-ақ оқыту бағдарламалары жайлы қажеттіақпаратты көруге мүмкіндік алды.

KazHackStan — бұл тәжірибе алмасу, ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағыөзекті мәселелерді талқылау және шешу алаңы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға